Reuters хабарлағандай, АҚШ одақтастарымен Қытай Украинадағы соғыста Ресейге әскери көмек көрсететін болса, онда оған қарсы салу мәселелсін келісіп жатыр.
АҚШ-тың төрт шенеунігі мен басқа да дереккөздері консультациялар алдын ала сатыда екенін және қазіргі таңда қандай санкциялар салынатыны туралы ақпарат жоғын хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, консультация Қытайға қарсы шектеу шараларын үйлестіру үшін Үлкен жетілік (G7) елдерінің қолдауына ие болу үшін жасалып отыр.
Ақ үйдің және АҚШ Қаржы министрлігінің ресми өкілдері әзірге бұл мәселеге қатысты түсініктеме берген жоқ.
Вашингтонның пікірінше, Бейжің Украинадағы әскери қақтығыста Ресейге қосылып, оған қару-жарақ жеткізуі мүмкін. Бұған дейін Бейжің ел басшысы Си Цзиньпиннің Украина президенті Владимир Зеленскиймен ықтимал кездесуі туралы сұраққа нақты жауап берген жоқ.
Өз кезегінде Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь АҚШ Украинаға жеткізіп жатқан қарудың көбісі контрабандалық жолмен Еуропадағы және басқа да аймақтардағы қылмыстық топтардың қолына түсіп жатқанын мәлімдеді.