АҚШ-та Израиль мен Палестинаны қолдауға арналған шерулер өтті

Өткен демалыс күндері АҚШ-тың ірі қалаларында Израиль мен Палестина автономиясын қолдауңв арналған жаппай шерулер өтті.

Вашингтонның Ұлттық аллеясында Палестина автономиясын жақтаушылардың шеруі өтті. Шеруге мыңға жуық белсенділер қатысып, олар: «Палестинаға бостандық! Палестинаға азаттық!» деген ұрандармен шықты. Олар АҚШ-тың түкпір-түкпірінен елдің астанасына жиналды.

Вирджиниядан келген студент «Америка дауысы» журналисіне «сионистік империализмге қарсы күресте палестиналықтарға қолдау білдіруге» келгенін айтты.

Жиырма жастағы араб тумасы америкалық әйел Сарин «Бұл нағыз проблема. Ол жерде қақтығыс қана емес, этникалық тазалық болып жатыр. Шын мәнінде, біз бұған жіті қарауымыз керек!

«Израильдік ультра оңшылдарды бақылауға алу керек, бақылауға алып қана қоймай, түрмеге қамау керек. Қоныстанушыларды түрмеге қамап, бостандыққа шығармау керек. Басқыншылық әрекет тоқтатылуы керек», — деп мәлімдеді антисионистік қозғалыстың белсендісі Соня Роузен.

Сондай-ақ, демалыс күндері Лос-Анджелесте Израильді қолдау акциясы өтті. Калифорнияда тұратын жүздеген израильдіктер АҚШ басшылығын қақтығысты шешу үшін барынша батыл қадамға баруға шақырды.

Көшенің қарама-қарсы бетінде калифорниялық палестиналықтар шеруге шықты. Қақтығыстарды болдырмау үшін Лос-Анджелес полициясы оларды «тірі қалқанмен» екі жақта ұстап тұрды.

«Мен Израильдегі халықтың жалғыз емес екенін, оларға қамқорлық жасап, олар үшін күресетінімізді білгенін қалаймын», — дейді Дэвид.

Егде жастағы Гелда өкінішпен былай дейді: «Менңғ көңілім құлазып тұр, екі жақтан да адамдардың зардап шегіп жатқанына жүрегім қан жылап тұр. Палестиналықтар да, израильдіктер де. Мұның барлығы бейбіт тұрғындарға қатысты әділ емес».

Жиырма жасар Жасмин «Америка дауысы» журналистеріне:

«Біз жаңа холокосттың орын алуына жол бермейміз, мен Израиль үшін, қазір үлкен қауіпте тұрған тұрғындар үшін қатты алаңдаймын. Ол жерде менің туыстарым бар, жүрегім жарылып бара жатыр».

Қолдау шеруіне қатысқан қарт ерлі-зайыпты былай деді: «Израиль көршілерімен бейбітшілікті қалайды. Біз соғысты емес, бейбітшілікті қалаймыз!

Сол арада Берлин мен Парижде Палестина автономиясын қолдау мақсатында мыңдаған шерулер өтті. Парижде билік зорлық-зомбылыққа ұласып кете ма деп қорқып, шеруге тыйым салды. Полиция шерушілерді көзден жас ағызатын газ қолданып, таратты, шеруге қатысқан 44 адам ұсталды.

3500-ге жуық адам қатысқан Берлин демонстрациясы бейбіт түрде өтті. Бірақ шерушілер полицейлерге петарда, тас және бөтелке лақтыра бастағанда, тәртіп сақшылары ең агрессивті қатысушыларды тұтқындап, басқаларын үйлеріне қайтуын сұрады.

Добавить комментарий