Бүгін, 5 қараша Қазақстанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық синоптиктер 2020 жылғы 5 қараша күнгі Қазақстандағы ауа райы туралы айтып берді.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, солтүстікте және шығыста атмосфералық фронталдық бөлімдердің әсерінен кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Павлодар облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел 18 м/с күшейеді, көктайғақ болады.

Ақмола, Атырау, Қостанай, Қарағанды, түнде және таңертең Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.

Алматыда ауа райының болжамы: күндіз 9°С, ашық.

Нұр-Сұлтандағы ауа райының болжамы: күндіз 3°С, ашық.

5 қарашаға арналған ауа райы болжамы.

Добавить комментарий