Қазақстан бойынша 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбі, 2022 жылғы 12 қыркүйек күні Қазақстанның көптеген өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктер аптаның бірінші күніне арналған ауа райының болжамын жариялады. Скандинавия түбегінің ауданынан жылжыған антициклонның әсерінен күн суытып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының батысында және Көкшетауда тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Қалада күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 16 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады.

Түнде және таңертең Жетісу облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде +3°С үсік күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с жетеді.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауптілігі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады.. Қызылордадақыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және Ақтауда — шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан батысқа қарай жел соғады.
Павлодар облысыңда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с сақталады. Павлодар қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында және Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде + 3°С үсік жүреді.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістанда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Нұр-Сұлтанда күндіз күн күркірейді.

Добавить комментарий