Бүгін, 2023 жылғы 24 наурызға арналған ауа райы болжамы: дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер мұздың еруіне байланысты су басу қаупі туралы ескертті. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, ел аумағында ауа райы жылы болады. Еліміздің үш қаласында екінші дәрежелі ескерту жарияланды.

«ҚР-ның барлық дерлік аумағында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР-ның солтүстік-батысында ғана атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша тұман басады, қатты жел соғады», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

2023 жылғы 24 наурыз күнгі дауылды ескерту

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Орал қаласында тұман басады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 9-14, облыстың солтүстік-шығысында 6, облыстың батысында 17 градус жылы күтіледі.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 12 градус жылы болады.

2023 жылғы 24 мен 26 наурыз аралығында ауаның оң мәнді температурасының сақталуы мен ары қарай жоғарылау болжамына байланысты Ақтөбе (Қобда, Мартөк, Қарғалы, Хромтау, Әйтеке би, Ойыл, Алға, Ақтөбе қ. ауданы) және Қарағанды (Шет, Ақтоғай аудандары) облыстарында қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі жалғасады, бұл ретте өзендерде су деңгейлерінің кенеттен көтерілуі және судың жайылуы мүмкін.

Добавить комментарий