Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде үсік жүреді, қатты жауын-шашын болады деп күтілуде.
1 қазан, жұма күні Қазақстанда ауа райы қандай болатыны «Қазгидромет» РМК сайтында хабарланды.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр аралас қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 6-8 жылы болады.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы 10-12 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 17-19 градус жылы болады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 14-16 градус жылы болады. Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде үсік жүреді деп күтілуде.

Фото: Қазгидромет синоптиктері ертең қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 4-9 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 жылы болады.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 14-16 жылы болады. Облыстың солтүстігінде түнде үсік жүреді деп күтіледі.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр аралас қар жауады, күндіз жаңбыр жауады, жел 6-11 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градусқа дейін, күндіз 4-6 жылы болады. Облыс бойынша көктайғақ болады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градусқа дейін, күндіз 5-7 градус жылы болады. Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 2 градусқа дейін, күндіз 6-8 жылы болады. Облыс бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.

Фото: Қазгидромет синоптиктері ертең қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус, күндіз 11-13 градус жылы болады. Түнде облыстың солтүстігінде үсік жүреді деп күтілуде.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, күндіз жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 7-9 жылы болады. Облыс бойынша тұман түседі.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, күндіз қар аралас жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градусқа дейін, күндіз 4-6 жылы болады.
Талдықорғанда бұлтты, жаңбыр жауады, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 12-14 градус жылы болады. Алматы облысының таулы аударында және тау бөктерінде суық болады деп күтілуде.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 14-16 градус жылы болады. Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын, ылғалды қар жауып, тұман түседі деп күтіледі.

Фото: Қазгидромет синоптиктері ертең қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, желдің күші 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 15-17 градус жылы болады. Түркістан облысының таулы аудандарында және тау бөктерінде суық болады деп күтілуде.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус, күндіз 11-13 градус жылы болады.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 8-10 градус жылы болады.