ҚР-ның 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан аумағында қолайсыз ауа райы қалыптасады, осыған байланысты еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды.

Хабарланғандай, бүгін, 2023 жылғы 13 ақпанда, дүйсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады, желдің күші 15-23 м/с күшейеді, Жамбыл облысында солтүстік, солтүстік-батыста, шығыста 30 м/с қатты жел соғады. Республика бойынша тұман түседі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Дауылды ескерту

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

2023 жылдың 13 мен 15 ақпан аралығында Түркістан облысында, 2023 жылдың 14 мен 15 ақпан аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы, аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Т

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Мегаполистердегі ауа райы

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 9-11 градус аяз болады.

Алматыда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады.

Добавить комментарий