ҚазКСР әнұраны авторының зираты талқандалды: тергеу жүргізілуде

Семейде ҚазКСР-нің алғашқы әнұраны авторының зираты талұандалды. Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде», — деп хабарлады полиция басқармасы.

Семей әкімінің тапсырмасы бойынша қазақ ғалымы, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, Қазақ КСР-інің алғашқы әнұраны мәтінінің авторы Каюм Мұхамедхановтың зират басына қалалық әкімдік өкілдері барып қайтты.

Зиратқа мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина, Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев және ғалымның ұлы Қанағат Құйымұлы барды.

«Ғалымның зиратындағы құлпытас өлшенді. Жақын арада ол қалпына келтіріледі», — деп хабарлады мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Дереккөздің айтуынша, Затон полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 258-бабында (вандализм) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тергеу амалдарын жүргізеді.

Вандализм актісі туралы ғалымның қызы, Кайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет қоғамдық қорының директоры Дина Мұхамедхан айтты. Оның айтуынша, ғалымның зиратында құлпытас пен мәрмәр тірек сынған.

Добавить комментарий