Қазақстандық самбошылар Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды.
Қазақстандық Ажар Салықова әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, ол финалда 65 келіге дейінгі салмақта украиналық Юлия Гребеножкоға 0:1 есебімен есе жіберді.
Сондай-ақ, 72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ділдаш Құрышбаева ел қоржынына «күміс» медаль салды: ол финалда израильдік Алис Шлезингерге жол берді.
Осылайша, қазір Қазақстан құрамасы ӘЧ-2021-де алты медаль жеңіп алды. Бұған дейін Рахат Жананиет пен Гүлдана Алмұханбетова «алтын» алса, Райхан Мәди күміс жүлдегер атанды, ал Болатбек Райымқұлов «қоланы» еншіледі.