Сауалнамаға қатысқандардың 6%-ы ғана жұмыста стреске түспейтінін айтты

Зерттеушілер әлеуметтік сауалнама жүргізіп, онда жұмыс орнында адамдардың қандай стресске түсетінін анықтады. Жұмысын сүйіп істейтіндер де күйзеліске түседі екен.

Superjob сервисі жүргізген зерттеуге қатысушылардың 37%-ы жұмыстағы күнделікті стресс деңгейін жоғары немесе өте жоғары деп бағалады. Алайда, нәтиже жұмысқа құлшыныспен баратындар мен өз жұмысын ұнатпайтындар арасында біркелкі болмады:

6% — жұмыс орнында мүлдем күйзеліске түспейді;

8% — стресс деңгейі өте төмен;

12% — аздап стресс бар;

35% — стресс деңгейі орташа ;

20% — стресс деңгейі жоғары;

17% — стресс деңгейі өте жоғары;

2% — жауап беруге қиналды.

Добавить комментарий