Қазақстанда жергілікті нарықта сұранысқа ие, бірақ әлі күнге дейін елімізде өндірілмеген құрылыс материалдарының өндірісін ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) құрылыс материалдары мен тұрғын үй бағасын ұстап тұру бойынша кешенді шаралар әзірленгенін айтты.
Импортқа тәуелділікті төмендету және құрылыс материалдары бағасының күрт ауытқуын болдырмау мақсатында министрлік 2021-2025 жылдарға арналған құрылыс индустриясын дамыту бойынша бағдарламалар қабылдады
«Біз келесі 5 жылға құрылыс материалдарына қажеттілікке толық талдау жүргіздік, импортталатын материалдарды бөліп, олар бойынша 360 млрд теңге сомасына 22 жоба дайындадық. Аталған зауыттардың құрылысын 2021-2022 жылдары салуды жоспарлап отырмыз», — деді ведомство басшысының орынбасары Қайырбек Өскенбаев.
Сондай-ақ, вице-министр отандық құрылыс материалдарын онлайн-сату үшін «Маркет-плейс» арнайы ақпараттық алаңын құрылатынын айтты. Бұл материалдардың құнын 15%-ға дейін төмендетуге және құрылыс материалдары нарығының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы, ИИДМ болжамы бойынша, 2023 жылы импортқа тәуелді позициялар бойынша нарықты 100% қамтамасыз ету бойынша жоспарланған қуатқа шығу көзделген.