Қазақстанда криптовалюта майнингіне салық енгізіледі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта майнингіне салық енгізуді көздейтін заңға қол қойды.

Бұл норма келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Қазақстан президентінің сайты

Осылайша, цифрлық майнинг үшін төлем цифрлық майнинг кезінде тұтынылған электр энергиясының көлемі үшін алынатын болады. Яғни, салық мөлшері цифрлық майнинг кезінде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағатына 1 теңгені құрайды.

Алымдарды есептеу үшін салық кезеңі тоқсан болады деп атап көрсетілген.

Добавить комментарий