
Қор биржасындағы кешегі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда доллар шамамен 9 теңгеге арзандады.
Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылғы 5 сәуірде сағат 15:30-дегі жағдай бойынша доллардың орташа алынған бағамы 8,92 теңгеге төмендеп, 462,91 теңге болды.
Ресей рублінің орташа алынған бағамы 0,14 теңгеге төмендеп, 5,58 теңге болды.
Еуро бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банкте оның бағамы 520,41 теңге, Қытай юаньінің бағамы 74,3 теңге.
Ақша айырбастау пункттерінде долларды 464-470 теңгеден, еуроны — 507-516 теңгеден, ресейлік рубльді — 5,4-5,9 теңгеден сатып алады/сатады.
5 сәуірде мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді.
WTI маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 1,10%-ға өсіп, барреліне 103,89 доллар болды.
Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,90%-ға — барреліне 108,58 долларға дейін көтерілді.