Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанда ХҚКО-ның жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды.
Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің санын 30%-ға қысқартуды жоспарлап отыр. Қанша адам жұмысынан айрылатыны хабарланбады.
Тиісті бұйрық жобасы дайындалды.
Министрлік жұмыс кестесін дейін дүйсенбіден жұманы қос алғанда, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеуді ұсынды. Кезекші бөлімдер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні сағат 09: 00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істеуі тиіс. Енді қазақстандықтар ХҚКО мамандарына бару үшін жұмыстан сұрануына тура келеді.
«Қажет болған жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі, мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері арқылы жүзеге асырылады», — делінген бұйрықта.
Қазір ХҚКО жексенбі және мереке күндерінен қоспағанда, сағат 09: 00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
Министрлік жұмыс кестесінің өзгеруі жұмысшылар санының қысқаруынан туындағанын айтты.
«2021 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімдері қызметкерлерінің штат саны 8967 бірлікті құрады. Бүгінде операторлардың штаттық саны 8379,5 бірлікті құрайды, нақты — 7 062,5 бірлік», — деп нақтыланған жобаның негіздемесінде.
Министрлік хабарлағандай, Мемлекеттік корпорация жұмысшылар санын 30%-ға қысқартуды жоспарлап отыр.
«Осыған байланысты екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшу (сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін және сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін) орынсыз деп есептейміз», — деп түйіндеді ведомстводағылар. Неліктен қызметкерлер үшін жұмыс уақытын сағат 15:00-ге дейін және сағат 20:00-ге дейін қалдыруға болмайтыны хабарланбады.
Министрлікте атап өткендей, жұмыс кестесін 9:00-ден 18:00-ге дейін қысқарту оң динамиканы көрсетуге, қызметкерлерді бір ауысымдық жұмыс кестесіне ауыстыруға және кесімді еңбекақы төлеу жүйесін енгізуге және нәтижесінде қызметкерлердің жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.