Ұлттық банк теңгені қолдау үшін интервенция жүргізді

ҚР Ұлттық банкі ұлттық валютаны қолдау үшін рекордтық интервенция өткізді (2020 жылғы сәуірден бастап).

Хабарланғандай, 2 желтоқсанда биржадағы теңге-доллар жұбымен сауда-саттық көлемі 292 млн АҚШ долларына жетті, бұл 2020 жылғы сәуірден бастап рекордтық деңгейге жатады

«Шетел валютасына сұраныстың оның ұсынысынан айтарлықтай асып түсуі аясында валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Ұлттық Банк 2 желтоқсанда 64,6 млн АҚШ доллары көлемінде интервенция жүргізді», — деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

«Бұл алыпсатарлық ахуалдың күшеюіне және айырбастау бағамының тұрақсыздандыратын ауытқуларына жол бермеуге мүмкіндік берді. Банктердің қысқа позицияларына және бейрезиденттердің шығуына байланысты қосымша сұраныс толық көлемде қанағаттандырылды», — деп атап өтті Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Оның мәліметінше, 2 желтоқсанда биржадағы теңге-доллар жұбымен сауда-саттық көлемі 292 млн АҚШ долларына жетті, бұл 2020 жылғы сәуірден бастап рекордтық деңгейге жатады.

«Біріншіден, «Омикрон» штаммының таралуына қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты мұнай бағасының күрт құлдырауы себеп болды. Мәселен, 1 желтоқсанда Brent сұрыпты мұнайдың белгіленген бағасы бір баррель үшін 70 доллардан төмен түсіп, биылғы жылғы тамыздан бастап ең төменгі деңгей – 68,14-ке жетті. Екіншіден, мұнай бағасының жергілікті ең төменгі деңгейге дейін төмендеуі компаниялар мен жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына қосымша ішкі сұранысты туындатты, 1 желтоқсан Қазақстанда демалыс күні болғандықтан, сұраныстың бір бөлігі ЕДБ онлайн платформалары арқылы іске асырылды. Сондықтан жүйелері валютаны онлайн айырбастауға мүмкіндік беретін барлық банктер 2 желтоқсан күні таңертең «қысқа» позицияда болды, яғни олар жұмыс уақытынан тыс уақытта өз клиенттеріне сатылған валютаны сатып алуға мәжбүр болды», — деп түсіндірді Молдабекова.

Добавить комментарий