Қазақстанда АҚШ доллары шамамен 7 теңгеге өсті

Қазақстанда доллар бағамының өсті. Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі таңғы сауда-саттық нәтижелерін хабарлады.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 6,34 теңгеге көтеріліп, 465,49 теңгені құрады. Айта кетейік, 31 наурызда Ұлттық банкте доллардың ресми бағамы 458,20 теңге болды.

Қазіргі таңда Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды 461,17 теңгеден сатып алып, 466,21 теңгеден сатады. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны 462,97 теңгеден сатып алады, 467,03 теңгеден сатады.

Добавить комментарий