Қазақстанда «Бәсе» YouTube арнасының авторларына іздеу жарияланды

Қазақстанда «Бәсе» YouTube арнасының авторлары ерлі-зайыпты Наталья мен Айдос Садықовқа іздеу салынды. Олар туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында «Қылмыскерлерді іздестіру» бөлімінде жарияланды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі. Садықов Айдос Жандосұлы (1968 жылы туған) мен Садықова Наталья Сергеевнаға (1984 жылы туған) қатысты істер Алматы қаласы ҚК тіркелді. Қазақстан Ішкі істер министрлігі бүгін, 2023 жылғы 23 қазанда оларға іздеу жариялады.

«Бәсе» YouTube-арнасының парақшасында оның 2014 жылы құрылғаны және ерлі-зайыпты Садықовтар авторлары екені көрсетілген. Қазіргі таңда арнаға миллионға жуық адам жазылған, онда 2 мыңнан астам бейнеролик жүктелген. Арнаның сипаттамасында «Ел» деген жерде Украина көрсетілген.

Добавить комментарий