Түркістан облысының жаңа әкімі тағайындалды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-37571-1661941947-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев Түркістан облысының жаңа әкімін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Облыстың жаңа әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды.

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын», — делінген президенттің жарлығында.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда туған, білімі жоғары. Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Экономист-менеджер, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты. ҚР Премьер-министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

2019 жылдан бері ҚР-ның Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарды.

Добавить комментарий