Қазақстанда азық-түлік қоры азайып барады

Қазіргі таңда өңірлерде азық-түлік қоры күтілгеннендей жеткілікті емес

Өңірлердің жедел деректері бойынша ағымдағы жылдың 19 тамызында республика бойынша жалпы көлемі 819 мың тонна түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар, оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 301 мың тонна, қоймаларда – 86,6 мың тонна, сауда желілерінде – 374 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 18,3 мың тонна. Бұдан басқа, 495,7 млн. дана жұмыртқа қоры бар, — деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Көрсетілген көлем өнім түрлеріне байланысты бір айдан алты айға дейінгі мерзімге жеткілікті.

Азық-түлік тауарларының өндірісі артып, қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады, деп атап өтті АШМ.

Министрлік азық-түлік тауарларының 32 түрі бойынша өңірлердің қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді. Мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды ескереді.

Добавить комментарий