Қаңтар: Инфляция 0,7%-ға өсті

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) баспасөз қызметі хабарлағандай, биылғы жылғы қаңтарда инфляция 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,7%-ды, 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 8,5%-ды құрады.

«Бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге – 8,6%, картопқа – 4,2%, жаңа жиналған жемістерге – 2%, жармаларға – 1,2%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 1%, тауықтарға – 0,8%, макарон өнімдеріне, тоқаш және ұннан жасалған өнімдерге, пастерленген сүтке – 0,7%-дан, құмшекерге,нанға, қышқыл сүт өнімдеріне, күрішке 0,6%-дан байқалды. Темекі өнімдері 1,6% қымбаттады», — делінген бейсенбі күні статбюро сайтындағы экспресс-ақпаратта.

Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 0,6% тіркелді.

Бір айда баға азық-түлік тауарларына – 0,1%-ға, ақылы қызметтерге – 0,6% азық-түлік емес тауарларына 0,3%, жоғарылады.

Добавить комментарий