Қазақстаннан РФ-ға ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі партиясын әкелуге тыйым салынды

Россельхознадзор Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі партиясын әкелуге тыйым салды.

«2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Новосібір облысы бойынша Россельхознадзор басқармасының инспекторлары Қазақстан Республикасымен шекаралас аумақта орналасқан «Қарасұқ» фитосанитарлық бақылау бекетінде Ресей Федерациясының аумағында кейіннен сату үшін автомобиль көлігімен жүретін карантинге жатқызылған өнімді тасымалдау кезінде бұзушылықтарды анықтады», — делінген хабарламада.

Ресей тарапының ақпараты бойынша, «фитосанитариялық қаупі жоғары өнім партиялары заңнама талаптарын бұза отырып тасымалданды».

«Өзбекстан өнімдерінің партиясына міндетті ілеспе құжаттардың — шығарылған елдің фитосанитарлық сертификаттардың көшірмелерінің болмауы 18т қызанақ пен 18т құрманы әкелуге тыйым салуға негіз болды. Бұдан басқа, таңбалаудың ішінара болмауы, жүк таңбаларында көрсетілген ақпараттың шыққан елінің бөлігінде ӘСҚ-дегі ақпаратпен сәйкес келмеуі, сондай-ақ бірнеше рет (екі және одан да көп) жүктің межелі жерінде анықталмауы — сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағына карантинге жатқызылған өнімдердің, оның ішінде жүзім, құрғақ жемістер, жаңғақтар, ақ қырыққабат, қызанақ, пияз, күріш және фасольдің жалпы салмағы 212,7 болатын партияларын әкелуге тыйым салуға негіз болды. Барлық жүктер тиісті жөнелтушілерге Қазақстан Республикасына кері қайтарылды», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий