Қазақстанда 8 қарашада телерадио хабарларын тарату уақытша өшіріледі

8 қарашада Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша өшіріледі. Бұл шара жүйелі түрде орындалатын жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды жүргізуге байланысты. «Қазтелерадио» АҚ Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін өшірілетінін хабарлады.

Тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистердің жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін атап өткен жөн. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жүргізіледі.

Добавить комментарий