Тоқаевтың реформалары Қазақстан дамуының жаңа кезеңі деп аталды

Қазақстан КСРО құрамынан шыққаннан бастап отыз жылдың ішінде өздігімен шешім қабылдайтын ел болып қалыптасты. Батыс саясаттанушылары қазіргі билік басында отырған шенеуніктердің қабылдаған шешімдерін оң бағалауда.

Атап айтқанда, ҚР-да билік басында отырғандар белгілі бір басымдықтарға көп көңіл бөледі:

  1. Бейбітшілік, қауіпсіздік және адам құқықтары.
  2. Көшбасшылық және демократия.
  3. Экономикалық даму және гүлдендіру.
  4. Кедейшілiктi жою және халықтың денсаулық пен әл-ауқатты қолдау.
  5. Гендерлік-теңдік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және сот төрелігін қолжетімді ету.
  6. Білім беру және даму.

Билікке жаңа президент келгеннен кейін елдегі саяси жүйе қайта жанданды. Сондай-ақ, Тоқаев «Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес» деп мәлімдеп, мемлекеттің одан әрі дамуының негізгі тәсілдерін өзгертті.

Фото: Саясаттанушылар Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалар Қазақстан дамуына жаңа серпін беруде, деп есептейді

Тоқаевтың президентдауазымына келгеннен кейін күрделі сынақтарға ұшырады, пандемия және соның салдарынан туындаған әртүрлі форс-мажорлық жағдайларға тап болды. Геосаяси сын-қатерлер жығылғанға жұдырық болды: Ауғанстан жерінен АҚШ әскерлерінің шығарылуы — аймақтағы қауіпсіздік стратегиясына қайта қарауға тура келді. Бірақ мұның бәрі Қазақстан үкіметіне реформа жүргізуге кедергі келтірмейді.

ҚР Үкіметі реформалар арқылы елді қуатты, тәуелсіз және Орталық Азия мен әлемде беделді мемлекет етпек.

ҚР Көшбасшысы үкіметімет басындағылармен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қағидаттарын іске асыру Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртуға, сол арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады, ал ол өз кезегінде мемлекеттік қызметті, мемлекеттік бағдарламаларды және т.б. сапасына жақсы әсер етеді.

Тоқаев моноқалаларды дамыту бойынша республикалық кеңес өткізді. Осы кеңесте Мемлекет басшысы елді мекендердің ұмытылып, нақты жоспарлар мен жобаларды қажет ететініне назар аударды. Бұған дейін ауылды елді-мекендерді экономикалық дербестігін көздейтін жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа тұжырымдамасы әзірленген болатын.

Фото: Саясаттанушылар Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалар Қазақстан дамуына жаңа серпін беруде, деп есептейді

Заңнамаға гендерлік теңдікті қалпына келтіруге және мемлекеттік лауазымдарда әйелдердің санын арттыруға қатысты өзгерістер енгізіледі. 25 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға түзетулерді енгізуді көздейтін заңға қол қойды.

Саяси партиялардың сайлау тізімінде әйелдер мен жастарға 30% міндетті квота енгізілді. Бұл саясаттағы әйелдер мен жастардың өкілдігін арттыру және олардың маңызды мәселелерді өзектендіру үшін жасалалып жатыр. Ғылым саласын жаңғыртуда үлкен серпіліс болғанын атап өткен жөн. Қазір дәл осы ғылым саласында реформалық үрдістің негізгі қағидаттары — үдемелілік, жүйелілік және нәтижеге стратегиялық бағдарлану, кейінге қалдырып айқындау іске асырылуда.

ҚР-да жүзеге асырылып жатқан реформалар Орталық Азия елі мен Ресейдің бір бағытта жүріп келе жатпағанын анық көрсетеді. Ішкі саясаты түрлі бағытта жүргізетін елдердің басын қосу мүмкін емес. Бірі ашық және заманауи мемлекет құрып, саяси жүйені жаңғыртып, экономиканы дамытып жатса, ал екіншісі өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын шектеп, елді экономикалық дағдарысқа алып келуде.

Добавить комментарий