Депутат ҚР-да міндетті техникалық байқауды алып тастауды ұсынды

Қазақстандық депутаттар елдегі міндетті техникалық айқауды алып тастау керектігін мәлімдеді.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айқын Қонұров мәлімдеді. Оның айтуынша, осы саланың бәсекелі ортаға берілгеніне және техникалық байқау өткізетін жеке станциялар желісінің құрылғанына қарамастан, техникалық байқаудан өту рәсімі формальды түрде атқарылып, сыбайлас жемқорлыққа бастады,.

Бұл мәселені мәжілісмен Айқын Қоңыров ел премьер-министрі Әлихан Смайыловтың атына берген депутаттық сауалында көтерді.

Оның мәліметінше, Қазақстанда жыл сайынғы техникалық байқаудан өтуге міндетті 2,7 млн көлік құралы (жалпы көлік санының 72%) бар.

«Автокөлік иелерінің басым бөлігі заңға бағынатын азаматтар. Олар 2-5 мың теңге аралығында тиісті төлемді төлейді және техникалық байқаудан өткені туралы акт алады. Осы саланың бәсекелі ортаға берілгеніне және техникалық байқау өткізетін жеке станциялар желісінің құрылғанына қарамастан, техникалық байқаудан өту рәсімі формальды түрде атқарылып, сыбайлас жемқорлыққа айналғанын атап өткіміз келеді», — деп атап өтті Айқын Қонұров.

Қоңыров 2021 жылы полиция Көлік комитетінің қызметкерлері құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескенін айтты. Ұйымдасқан қылмыстық топ нақты техникалық байқаусыз 260 мыңнан астам диагностикалық карта жасаған. Ақшалай мәнде шамамен 1 млрд теңге.

«Бұл істі ел бойынша жалған тұлғаларға тек «қағаз жүзінде» рәсімделген 28 компания жүзеге асырған. Тіркелген мекенжайлар бойынша техникалық байқау өткізетін жер жоқ. Демек, шенеуніктер бұл саладағы жемқорлықтың көзін жоймай, оны басшылыққа алған. Осылайша, техникалық байқау формальды шараға айналды, бұл азаматтардың қажетсіз шығындарына алып келіп, жүйелі сыбайлас жемқорлық туғызған және көлік құралы иесі мен жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етпеген», — деді Айқын Қоңыров.

Осыған байланысты ол Қазақстанда автобустардан, жүк көліктерінен және такси ретінде коммерциялық мақсатта пайдаланылатын көлік құралдарынан басқа автокөліктерден міндетті техникалық байқауды және көлік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартуды алып тастауды ұсынды.

Добавить комментарий