Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ бас хатшысымен кездесті

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Засьпен кездесті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ҰҚШҰ-ның қазіргі жұмысы туралы пікір алмасылып, Ұйым қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Министр осы жылдың мамыр айында Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына шақыруды қабылдады.

Тараптар ұйымды одан әрі нығайту бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған және құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін халықаралық өңірлік ұйым. Қазіргі уақытта ҰҚШҰ-ға Тәжікстан Республикасы төрағалық етеді. ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы 2021 жылдың төртінші тоқсанында Тәжікстанда өтеді.

Добавить комментарий