Түркия Мемлекет басшысы президент сайлауы қашан өтетінін хабарлады. Сонымен қатар, ол жер сілкінісі кедергі емес екенін атап өтті.
Режеп Тайып Ердоған президенттік және парламенттік сайлау 14 мамырда өтетінін растады.
«14 мамырда халқымыз сайлауда дауыс береді», — деп мәлімдеді Режеп Тайып Ердоған.
Бұған дейін елдегі жер сілкінісі салдарынан сайлауды басқа күнге ауыстырылуы мүмкін екендігі айтылған болатын.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркия аумағында жер сілкінісі болды, 14 млн адам зардап шекті.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45 089 адамға дейін өсті.