Қазақстанда осы жылы халық қалаулылары 100-ден астам жаңа заңнамалық актілер қабылданды.
Парламент Сенатының жалпы отырысында Палата спикері Мәулен Әшімбаев депутаттардың 2021 жылғы жұмысын қорытындылады.
Әшімбаевтың айтуынша, өткен жылғы сенаторлар жұмысының маңызды бағыттарының бірі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан реформалар бағытын заңнамалық қамтамасыз ету болды.
Аталған заңдар ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге сатуға тыйым салынды, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауы енгізілді, Мәжіліс пен мәслихаттарға саяси партиялардың өту шегі 7%-дан 5%-ға дейін төмендетілді, Қазақстанда өлім жазасы толығымен жойылды және тағы басқалар. Бұл өткен жылы сенаторлар қабылдаған нормалар. Бұл ретте сенаторлар қолданыстағы заң жобаларын қарастырып қана қоймай, оларға белсенді бастамашылық жасады.
«Биыл қабылданған әр төртінші заңға Парламент депутаттары бастамашы болды. Олардың қатарында еліміздің сот жүйесін одан әрі реформалауға, азаматтық процесті жеңілдетуге, татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейтуге, жеке тұлғаның жалғыз баспанасын кепіл ретінде қабылдауға шектеу қоюға және басқа да мәселелерді реттеуге бағытталған маңызды заңдар бар. Президенттің тапсырмасы бойынша депутаттардың бастамашы болуымен әзірленген заңдардың қатарында «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» туралы заң да бар», – деді Мәулен Әшімбаев.
Жалпы, Сенат спикерінің пікірінше, сенаторлар заң шығарумен қатар өңірлік мәселелерді шешуде, кәсіпкерлікті дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағыттары бойынша жемісті жұмыс істеді.
«Биыл біз заң шығарумен қатар парламенттік қызметіміздің өзге де бағыттары бойынша мазмұнды әрі нәтижелі жұмыс істедік. Сенаторлар маңызды тақырыптар бойынша мемлекеттік органдарға 100-ге жуық депутаттық сауал жолдады. Сенат қабырғасында қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелерге арналған 80-нен астам іс-шара өткізілді», – деді ҚР Парламенті Сенатының спикері.