Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Мусинді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі етіп тағайындады.
«Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта.
Бұған дейін Бағдат Мусиннің министр лауазымына кандидатурасын мәжілісмендер келіскен болатын.
Ол цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі, министрдің міндетін уақытша атқарушы қызметін атқарды.
Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Екібастұз қаласында дүниеге келген.
Білімі:
— С. Демирель атындағы университет (2000-2004) «Есептеу техникасын бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша;
— Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты (2004-2006) «Құқықтану» мамандығы бойынша.
Еңбек өтілі:
— бас инженер-бағдарламашы, бөлім бастығы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарында ІТ-бөлімшелер құру жөніндегі департамент директорының орынбасары (2004-2007);
— ҚР Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бөлімінің бастығы (2007-2008);
— ҚР Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі, ҚР Әділет министрлігі ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы (2008-2010); — ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары (2010-2011);
— ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары (04.2011-01.2012);
— ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы (02.2012-07.03.2014); — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (07.04.2014-08.2014);
— «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы (01.08.2014-01.2017);
— ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы (01.2017-05.2018);
— ҚР президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі (13.03.2020);
— министрдің міндетін атқарушы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі (20.07.2020) Партиялық қызметі:
«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі (03.2019 жылдан);
ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі (17.07.2019).