Ашық көздерден Ресейден коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 4 млн дозасы Қазақстанға қосымша жеткізілетіні белгілі болды.
Қазақстан Премьер-Министрі Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаилов Мишустинмен келіссөздер өткізіп, ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін, өнеркәсіптік кооперация аясындағы жобаларды, ЕАЭО форматындағы өзара іс-қимылды және екі елдің экономикалары үшін пандемия салдарын жою және COVID-19-дың таралуына қарсы күрес жөніндегі бірлескен шараларды талқылады. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Спутник V» ресейлік вакцинасының 4 млн дозасын Қазақстанға қосымша жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
«Вирустың таралуын жеңу үшін біздің елдеріміздің күш-жігерін, оның ішінде халықты жаппай вакцинациялау мәселелерінде үйлестірудің жоғары деңгейі қажет», — деді А. Мамин.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинацияның төмен қарқыны туралы мәлімдеген болатын, Денсаулық сақтау министрлігі өз кезегінде вакцина салдырғандардың аз болуына ақпан айында жергілікті өндірушілерден күтілген вакцина көлемін ала алмағанын айтып, сәуірде 1 миллионнан астам азаматты вакциналау үшін РФ-мен қосымша жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.