ҚР Денсаулық сақтау министрі коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы айтып берді

Қазақстан алдағы күзгі-қысқы маусымға ерекше мұқият дайындалуда. Коронавирустық инфекцияның ықтимал екінші толқынына дайындық аясында өткізілетін іс-шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық және коронавирустың екінші толқыны туралы айтып берді

Қазақстанда қазан айына қарай 13 модульді инфекциялық стационар салу жоспарланған. Коронавирустық инфекция пандемиясы аяқталған жоқ. Біз қазан айында ЖРВИ мен тұмау маусымымен бірге күтілетін жаңа толқынға дайын болуымыз керек. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп алдағы күзгі-қысқы кезеңге белсенді дайындалуда. Еліміздің дәріханаларына 10 млн-нан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жеткізілді, бірыңғай дистрибьютор республиканың медициналық ұйымдарын айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етті және 30 қыркүйекке дейін 24 млрд теңге сомасына қосымша екі айлық қор қалыптастырады. СК-Фармация базасында Республикалық тұрақтандыру қоры, сондай-ақ 11 өңірлік тұрақтандыру қоры құрылды «, — деп хабарлады Алексей Цой Facebook-те.

Министрдің мәліметінше, ауруханаларды жете жарақтандыру үшін қосымша 2 578 ИВЛ аппараты сатып алынады, оның ішінде отандық тауар өндірушілерден 1500, жергілікті бюджет, демеушілік көмек және Дүниежүзілік банк қаражаты есебінен 1078. 23 890 төсек оттегімен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 13 153-і оттегі концентраторлары арқылы қамтамасыз етіледі, ал 2020 жылдың қазан айына дейін еліміздің барлық аудандық ауруханаларын сандық рентген аппараттарымен 100% қамтамасыз ету жоспарланған. «Биылғы жылдың маусым-шілде айларында медициналық ұйымдар пациенттер ағынымен айналыса алмаған кезде коронавирустық инфекцияның таралуының өте күрделі тәжірибесі есімізде. Болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін және жұқпалы аурулар қызметінің коронавирустың жаңа ықтимал толқынына дайындығы мақсатында Ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында салынғандарға ұқсас 2,7 мың төсектік жаңа 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдады. Олар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында салынатын болады. Өңірлер әкімдіктерімен жер телімдері бөлініп, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мердігерлік ұйымдарды таңдау рәсімдері жүргізілуде. Тапсырыс берушілер ретінде өңірлердің әкімдіктері де қатысады, қаржыландыру Жұмыспен қамту жол картасы мен жергілікті бюджеттерді үнемдеу қаражаты есебінен қарастырылады. Әрбір жұқпалы аурулар ауруханасының құнын әрбір әкімдік өзі белгілейді», — деп түсіндірді А. Цой. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы атап өткендей, қазіргі уақытта аталған ауруханалардың штаттық кестесін алдын ала қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, себебі қазан айында олар қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуі тиіс. «Құрметті қазақстандықтар! Бұл шаралар пандемия жағдайында медициналық көмектің қолжетімділігін, сапасын арттыруға, қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өйткені Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық дәрігерлердің басты міндеті еліміздің әрбір азаматына дер кезінде, сапалы медициналық көмек көрсету болып табылады «, — деп түйіндеді Алексей Цой.

Добавить комментарий