Алматыда 21 қарашадан бастап карантин жеңілдеуі мүмкін

Оңтүстік астанада эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты карантиндік шектеу шараларын жеңілдету жоспарлануда.

Алматы 14 қарашадан бастап «жасыл» аймаққа өтті. Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов коронавирустық инфекция жағдайы одан әрі тұрақтанған жағдайда, қала жеті күн бойы «жасыл» аймақта болса, 21 қарашадан бастап Алматыда «жасыл» аймаққа сай жұмыс режимі енгізіледі.

Егер қала «жасыл» аймаққа көшсе, Ashyq нысандарының жұмыс уақыты екі сағатқа артады. «Ashyq» көшбасшылары сағат 05:00-ге дейін, Ashyq-тың басқа қатысушыларысағат 03:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, Ashyq нысандарында келушілер саны артады.

Сондай-ақ, түрлі іс-шараларды өткізу ережелері де өзгереді. Келушілер мен қызметкерлерде «жасыл» мәртебе болған жағдайда:

салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу — 50 пайызға дейін, бірақ 100 орыннан аспайтын;

адам көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шаралар өткізу — 50 пайызға дейін, бірақ 100 орыннан аспайтын;

көрмелер — бір уақытта 70 пайыздан аспайтын, бірақ 500 адамнан аспайтын;

көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шаралар — 80 пайыздан аспайтын.

Добавить комментарий