Ертең, 2021 жылғы 6 қараша, сенбі күні еліміздің басым бөлігінде аяз сақталады, көшпелі бұлт шығады деп күтілуде.
Синоптиктердің хабарлауынша, республика бойынша ауа райы жауын-шашынды болмайды, тек солтүстіктегі жекелеген аудандарда ғана қар жаууы мүмкін. Батыста жолдардың жекелеген учаскелерінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығыстан 3-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.
Түнде солтүстік және орталық облыстарда −8…0°С болады, күндіз ауа температурасы −1…+4°С жылы болады.
Еліміздің батысында ауа температурасы түнде -6 +1°С, күндіз +3 +8°С шамасында болады.
Еліміздің шығыс бөлігінде ауа температурасы түнде −15 −7°С, күндіз −6… 0°С-қа дейін көтеріледі.
Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы түнде −9 −4°С, күндіз 0 +9°С жылы болады деп күтілуде.