
Қазақстанда ит, мысық, алақоржынның етін жеуге тыйым салынады деп жоспарланып отыр.
«Біз осы тізімнің жобасы әзірледік, оған үйде асырауға болатын барлық дәстүрлі үй жануарлары кіреді. Бұл — ит, мысық, тотықұс, алақоржын, ақ тышқандар. Қазіргі уақытта үй жануарлары ретінде ұсталатын жануарлардың негізгі классикалық тізімі», — деді орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова.
Бұл тізбе «Жануарлармен жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы аясында әзірленді. Заң жобасында осындай қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді қарастырады.
«Бұл өлтіруге, жануардың өліміне әкеп соқтырған қатыгездік жатады, бұл қылмыстық жауапкершілік», — деп баса айтты вице-министр.
Ол уақытша паналау үйінен итті алып, содан кейін оларды жеген жағдай болғанын айтты. Сондықтан да жаңа заң жобасында уақытша баспанадан алған жануарларды бақылау бойынша норма қарастырылады. Ал қожайындары сатып алған немесе сыйлаған үй жануарларына келетін болсақ, Экология министрлігі мұндай фактілерді хабарлау көршілерге жүктеледі деп отыр.
Сонымен қатар, жаңа заң жобасына сәйкес, қазақстандықтар үй жануарларын чиптеуге міндеттеледі