Қайыр сұрау ерекше бақылауда

Ақмола облысында қайыршылық жасағаны үшін 640 адам жауапкершілікке тартылды, қайыршыдық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әкімшілік құқық бұзушылық қатарына жатады.

Заң бойынша қоғамдық орында қайыр сұрау қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналады, ол үшін ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу көзделген. Бұл мәселе ақмолалық полицейлерде ерекше бақылауда тұр.

Қайыршылардың ең танымал жұмыс орындары — шіркеулер, мешіттер, базар және қалалық саябақ. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда қайыршылық жасағаны үшін 640 адамды жауапқа тартты.

Алғашқы әкімшілік құқық бұзушылық үшін мұндай көшедегі тәртіп бұзушыға ауызша ескерту қарастырылған.

Көбіне көрші елдердің азаматтары қайыршылықпен айналысады. Бұл жағдайда тәртіп сақшылары олардың жалғыз өзі әрекет ететінін немесе қылмыстық топтар бақылап отырғанын анықтаймыз, сондай-ақ оларды есепке қоямыз, көші-қон заңнамасы бұзылған жағдайда сот шешімімен заң бұзушыларды елден шығарып жібереді, — дейді полицейлер.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары азаматтардың аз бөлігі полицияға қайыршылар мәселесі бойынша қоңырау шалатынына назар аударады. Ал құқық қорғау органдарына хабарлағандардың кейбірі куәгер болудан, қайыршылық фактісін растаудан бас тартады. Сондықтан полицияға осы немесе басқа жағдайды тіркеу және оған дәлелдер жинау қиын.

Тәртіп сақшылары қоғамдық орында қайыршылық фактісінің куәсі болған қала тұрғындарына «102» арнайы желісіне хабарласуды ұсынады.

Добавить комментарий