Қазақстан бойынша алдағы үш күнге арналға ауа райы болжамы

Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райы күрт өзгереді деп күтілуде. Синоптиктер жауын-шашын, көктайғақ және тұман болады деп болжап отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

«Кезеңнің басында, Қазақстан аумағының басым бөлігі Екатеринбург аудандарынан және онымен байланысты атмосфералық фронттардан келетін циклон жырасының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады — жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі», — делінген дүйсенбі күні таратылған 8-10 ақпанға арналған ауа райы болжамында.

Кезеңнің соңына қарай, Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібірдің аудандарынан антициклон ауысады, онымен жауын-шашынның тоқтауы және температураның төмендеуі болжанады. Солтүстік өңірлерде түнгі сағаттарда 15…28 градусқа дейін аяз, орталық өңірлерде 15…25 градус, Қазақстанның шығысында 15…30 градус аяз күтіледі.

Добавить комментарий