Қапшағай су қоймасының жағасында болған төбелестен үш ер адам зардап шекті, олар жеке аймаққа заңсыз кірген.
Қонаевтың қалалық полиция басқармасына ауруханаға түрлі дене жарақатын алған үш ер адамның түскені туралы хабарланды. Жүргізілген тергеуге сәйкес, зардап шеккендер Қапшағай су қоймасының жағалауына демалуға келіп, жеке аумаққа заңсыз кірген. Содан кейін жекеменшік нысанның иесімен 1986 жылғы Г. есімді азамат пен жұмысшылармен сөзге келіп қалып, кейін төбелескен. Тәртіп сақшылары қылмыстық істі ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағы «Бұзақылық» бойынша тіркеді. Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталып, оқиғаның мән-жайын тексеру үшін үшін полиция басқармасына жеткізілді.