Қазақстан: Бүгін, 2021 жылғы 25 қазанға арналған ауа райы болжамы

ҚР Гидрометеорологиялық орталығының хабарлауынша, бүгін, 25 қазанда дүйсенбі күні Ақтау, Петропавл қалаларында; Атырау, Көкшетау, Батыс Қазақстан облыстарында 15 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 11-13 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз, жел 5 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 2 градусқа дейін, күндіз 13-15 жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 18-20 жылы болады.

Ақтауда жауын-шашынсыз, жел 9-14 жылдамқықпен соғады, кешке екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 16-18 градус жылы болады. Маңғыстау облысының батысында тұман болады.

Ақтөбеде жаңбыр жауады, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 6-8 градус жылы болады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 11-13 градус жылы болады. Атырау облысының батысында тұман түседі, жел 15-20 м/с жетеді.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градусқа дейін, күндіз 11-13 жылы болады.

 

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12, түнде екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 9-11 градус жылы болады. Ақмола облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 6-8 градус, күндіз 9-11 градус жылы болады. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с жетеді.

Қызылордада жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 17-19 градус жылы болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 12-14 градус жылы болады.

 

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3 градусқа дейін, күндіз 15-17 жылы болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 18-20 жылы болады.

Түркістанда жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 18-20 жылы болады.

Оралда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 8-10 градус жылы болады. БҚО-да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +3 градусқа дейін, күндіз 10-12 жылы болады.

Добавить комментарий