Батыстық саясаттанушылар Путиннің соғыс кезіндегі саяси бейнесіне қатысты пікір білдірді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/12/speech-43651-1669868713-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Батыс сарапшыларының айтуынша, Украина аумағында 8 айдан астам уақыт жүрігізіліп жатқан ұрыс қимылдары барысында Путиннің бейнесі бірнеше рет өзгерген.

«Соғыс қимылдары басталған дейін Путинді билікті толық өз қолында ұстап тұрған президент — ұлт көшбасшысы, Ресейді империяға айналдырып жатқан тұлға ретін қабылдаған. Соғыстың алғашқы айларында бұл бейне сақталды, алайда соғыс ұзаққа созылған сайын және РФ әскерінің жеңілісі арта бастағанда Ресей президентінің бұл бейнесі «, — деп жазады саясаттану саласындағы украиндық сарапшылар.

Қазіргі таңда ресейлік ақпараттық кеңістікте кімді жиі көріп, естіп жатырмыз? Бірінші кезекте Украинадағы Ресей әскерінің қолбасшысы, генерал Сергей Суровикин. Украинаның күллі аумағы бойынша энергетикалық инфрақұрылымға жасалып жатқан жаппай зымыран атқылауы осы кісінің қатысы бар. Сондай-ақ, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та белсенділік танытуда. «Ол «арнайы әскери операция» барысын қорықпай жерден алып, жерге салып жатыр және әскери қолбасшылықты сынға алып, ел билігін Украина қалаларын бомбалауға шақырды, өйткені оның пікірінше, олар мұны нашар жүргізіп жатыр», — деп саясаттанушылар оның медиа кеңістіктегі әрекеттеріне түсініктеме береді.

Соңғы айларда «Вагнер» жеке әскери тобын қаржыландыратын ресейлік олигарх Евгений Пригожин медиакеңістікте танымалдыққа ие болды. Сарапшылардың айтуынша, «ол «Вагнер» ЖӘК Ресейдің Қорғаныс министрлігінен үстем етуге тырысып жатыр».

«Пригожин және оның әскери құрамасы соғыс алаңының кейбір учаскелерінде алға жылжуға тырысып жатыр, бұл келешекте оның ресейлік ақпараттық кеңістіктегі танымалдылығы мен беделін арттыруы мүмкін. Сондай-ақ Украинадағы соғысқа қатысты өз пікірлерін білдіріп жатқан басқа да көптеген шенеуніктер мен пропагандистер бар», — деп есептейді саясаттанушылар.

Ресей әскерлері Херсоннан шыққанға дейін Путин әлемдік қоғамдастықты ядролық қару қолданамын деп бірнеше рет қорқытқан. «Бірақ бұл қадамдар нәтиже бермеген соң, Путин райынан қайтты», — деп есептейді украиналық саясаттанушылар.

Соңғы айлардағы бірқатар оқиғаға қайтысты айтылған пікірлер.

«Мәселен, 11 қарашада РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин G20 саммитіне онлайн қатыспайтынын айтты. Дәл сол күні Украина Қарулы Күштері Херсонды өз бақылауына алғаны белгілі болды. Сарапшылардың айтуынша, Путин басқа елдердің басшыларымен бетпе-бет кездесуден қорқатындықтан, G20 саммитіне қатысудан бас тартты.

Ресейлік БАҚ-тың айтуынша, Путин 10 жылдың ішінде алғаш рет жыл сайынғы баспасөз конференциясын өткізбей, оны 2023 жылға ауыстыруға дайын. РФ президентінің баспасөзбен дәстүрлі түрде өтетін кездесуіне әзірлік әлі басталмағандықтан осындай қорытынды жасалып отыр. 2012 жылдан бері президенттің қорытынды баспасөз конференциясы желтоқсанда өтеді».

Батыстық саясаттанушылардың пікірінше, Владимир Путин қуатты басшы мәртебесінен айырылды. «Таяу болашақта ол ел азаматтарының алдында беделінен біржола айырылуы мүмкін, себебі оның империялық амбициясы соғысқа алып келді», — деп мәлімдейді олар.

Добавить комментарий