Доллар тағы арзандады: 2 шілдеге арналған доллар бағамы

ҚР Ұлттық банкі 2 шілде күнгі доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын айтты

Жұма күні доллар бағамы 426,05 теңгеге тең болады. Айта кетейік, АҚШ валютасының ресми бағамы 1 шілдеде 427,89 теңгені құраған.

KASE биржасындағы күндізгі сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 426,05 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 427,19 теңгеден сатып, 425,66 теңгеден сатып алады. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында сатудың орташа бағамы 426,94 теңгеге, сатып алу бағамы 425,85 теңге.

Добавить комментарий