«Республиканың солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша жел күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, республиканың оңтүстігінде күн күркірейді», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктер Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда — көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда — жел күшейеді деп болжап отыр.
Түркістан облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарда тұман түсіп, найзағай ойнайды, облыстың батысы мен солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында — тұман, жолда — көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында — жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының шығысында, орталығында боран соғады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман басады, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының шығысында жел 16 м/с күшейеді, түнде бұрқасын соғады, облыстың оңтүстігінде түнде тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейіп, солтүстік-шығыста тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында — тұман, шығысында — жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысында түнде тұман түседі.