Алматыда қалыңдығы 8 см қар түсті

Бүгін таңертең Алматыда жауған қардың қалыңдығы 8 см болды, Оңтүстік астананың әкімдігі көшелерді қардан тазалауға 500-ден астам техника жұмылдырылғанын хабарлады.

185 құм шашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілуде, 4200 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.

Қазіргі уақытта тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік тұрақтарын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қар жинауға 517 арнайы техника мен 1400 жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлады Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы.

Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағынан жаппай қар шығару таңертеңгі қарбалас шақтан кейін жүргізіледі.

Алматыда 4 қарашада, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 8 см, тау бөктеріндегі аудандарда — 10 см, таулы аудандарда — 15 см қар түсті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Алматы тұрғынарының таңертеңге дейін жолдарда қар тазаланбағанына қатысты шағымдарына қалалық әкімшіліктің өкілі Александр Сергеев былай деп жауап берді: «Егер қар таңғы сағат 04:00 немесе 05:00-те тоқтағанда, адамдар қар жауғанын байқамас та еді. Бірақ қар сағат онға дейін жауды, біз осыншама тиімді жұмыс істей алмадық, себебі таңғы 07:00-ден бастап көлік қозғалысы басталды».

Қалалық коммуналдық қызметке қарды тазалауға не кедергі болды

Әкімдік өкілі Александр Сергеев қар тазалау жұмыстарына жол қозғалысына қатысушылар кедергі келтіргенін айтты. Бұл туралы және қардың уақытылы тазанбағанына қатысты басқа да себептері туралы ол былай деді: «Бізде бүкіл қала бойынша жолдарға себуге 3-4 сағат кетеді, содан кейін қардан тазалауға колонналар жүреді. Әр ауданда үш колоннадан жұмыс істейді».

Алматыда түнде 13 градус аяз болғанына байланысты жұмыс қиындады. Осыған дейін күзде қар жауған еді, алайда қар бірден еріп кетті, жолдарды қардан тазалау қиын болмады.

«Егер қардың қалыңдығы 5 см-ден аз болғанда, қала тұрғындары жолда қарды байқамас еді, ал егер 20 см-ден көп жауғанда, 3-4 сағаттың ішінде тазалау мүмкін болмас еді. Сегіз сантиметр қарды қалалық коммуналдық қызмет жедел тазалап тастады- таңғы сағат 10:00-ға дейін жолдар қардан тазаланды, қар тек жол жиегінде болды.

Қар сағат 22:00 бастап жауа бастады, колонналар түнгі сағат 03:30 бастап жұмыс істей бастады. Қазір магистральды көшелер мен тротуарлар қардан тазартылды. Баспалдақтар, пандустар, аялдамалар бойынша жұмыс жалғасуда — бұл негізінен қолмен тазартылады.

Сондай-ақ, қалалық коммуналдық қызметтің жұмысына тұрақта тұрған көліктер кедергі келтіреді. Сондықтан қыс уақытында полициямен және құтқару қызметімен эвакуаторлар беру туралы келісім бар. Олар көлікті айып тұрағына әкетпейді, қар тазалайтын машинаның жолынан алады. Артынан иесі полицияға қоңырау шалып, оған темір тұлпарының қайда тұрғанын хабарлайды.

Добавить комментарий