Жылына 10 000 отбасыны ҚР-ның жұмыс күші тапшы аймақтарына орналастыру жоспарлануда

Қазақстанда жұмыс күші тапшы аудандарға қоныс аудару жөніндегі квотаны жылына 10 мың отбасына дейін ұлғайту жоспарлануда.

Сенаторлар Екібастұзда өткен жиында жұмыс күші көп өңірдің азаматтарын жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Депутаттар қоныс аударушыларға арналған үйлер салуда әлеуетті аумақ ретінде қаралатын қаланың шағын аудандарын аралады, артынан қоныс аударуды ұйымдастыру мәселелерін талқылау жөнінде кеңес өткізді.

«9 000 жуық адам қиындықтарға қарамастан Павлодар облысына келіп отыр. Бұл ретте қоныс аударушылардың тұрақтануы 97%-ды құрайды. Бұл жергілікті биліктің келген азаматтарға қажетті жағдай жасағанының дәлелі болып табылады», — деп атап өтті сенатор Ерік Сұлтанов.

«Жұмыссыздар армиясын толықтырды». Неліктен Екібастұздағы қоныс аударушылар Нұр-Сұлтанға оралғысы келеді

Депутаттар ерікті қоныс аудару бағдарламасын іске асыру кезінде өңірлер тап болып отырған проблемаларға ерекше назар аударды.

«Біз бүгін қоныс аудару жөніндегі квотаны жылына 2 мыңнан 10 мың отбасына дейін ұлғайту мүмкіндігін талқылаймыз. Онда да бейімделу жай-күйін жеңілдету үшін бір елді мекенге 5-20 отбасын топтап көшіру арқылы жүзеге асатын болады», — деді Әлімжан Құртаев.

Жиын барысында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков қандастарды еліміздің оңтүстігінен солтүстікке көшіру жөніндегі «Асар» пилоттық жобасын өңір активіне таныстырды.

Добавить комментарий