Аустралияда 2021 жылдан бастап ауыр есірткілерді декриминализациялау жоспарлануда

Аустралиялық Лейбористік партияның мүшесі Майкл Петтерссон елдегі ауыр есірткіні декриминализациялау туралы заң жобасын жариялап, оны 2021 жылы Аустралиялық астаналық аумағының заңнамалық жиналысына енгізетінін мәлімдеді.

Петтерссон аз мөлшерде героин, кокаин, таблетка түріндегі экстаз, метамфетамин немесе осыған ұқсас есірткі түрімен ұсталған адамдардың қылмыстық үкімнің орнына айыппұл салу жазасына кесілгенін қалайды. Ұсынылатын шектеулер екі грамм кокаин мен героин және 0,5 грамм MDMA (таблеткала түріндегі экстазды) қамтиды.

«Есірткі пайдалану — қоғамдық денсаулық сақтау мәселесі. Біз «жоқ деп айт» тәсілі нәтиже бермейтінін білеміз. Сондықтан есірткіні сақтауды декриминализациялау — ақылға қонымды қадам», — деп жазды Петтерссон өзінің Facebook парақшасында.

“Drug use is a public health problem. It’s time to treat it like one. We know that the ‘just say no’ approach doesn’t…”

Айта кетейік, есірткіні декриминализациялау Аустралиялық астаналық аумағының еңбек саласындағы ресми саясаты емес, алайда бас министр Эндрю Барр заң жобасына қолдау білдірді.

Оның үстіне, 2019 жылғы дәрілік заттар саласындағы ұлттық стратегия аясында жүргізілген сауалнама аустралиялықтардың 43 пайызы тыйым салынған есірткі қолданғанын көрсетті.

Заң жобасын қабылдау кезінде Канберра Австралиядағы тыйым салынған есірткіні декриминализациялайтын алғашқы қала болады. Сондай-ақ, АҚШ-тың Орегон штаты мен Канададаның Ванкувер қаласы ауыр есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатқан алғашқы қала болып отыр. Сонымен қатар, Канадада саллюциногенді саңырауқұлақтармен күйзелісті емдеуге рұқсат етілді.

 

Добавить комментарий