Перудің экс-президенті мен шенеуніктері жасырын вакцина салдырғаны үшін айыпталды

Перудің уақытша президенті Франсиско Сагас бұрынғы және қазіргі Перу үкіметінің 500-ге жуық шенеуніктері COVID-19-ға қарсы жасырын түрде вакцина салдырғанын мәлімдеді.

«Төрт жүз сексен жеті адам елімізде клиникалық зерттеулерде қолданылатын вакцинамен бірге келген Sinopharm препаратын салдыру үшін өкілеттіктерін пайдаланған, олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер көп», — деді ол. Президенттің үндеуі TV Peru эфирінде көрсетілді.

«Экс-президент Мартин Вискаррамен қатар… оның үкіметінің шенеуніктері… өкінішке орай, Перу университеті ұсынған тізімде (сынақ жүргізуге жауапты — ред.) біздің үкімет құрамына кіретін адамдар да бар, олардың арасына Элисабет Астете (бұрынғы СІМ басшысы) және Пилар Массетти (отставкаға кеткен Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы) бар», — деп толықтырды Сағасты.

Оның айтуынша, бұл тізім енді ел прокуратурасына жіберіледі.

«Атқарушы билік ретінде біз бұл шараға қатысқан барлық адамдарды қызметінен босатамыз», — деп атап өтті Президент.

Перу прокуратурасы вакцинацияға байланысты экс-президент Вискарраға қатысты алдын ала тергеуді бастады.

Добавить комментарий