
Таразда сот қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқан сегіз қатысушыны қатысты шартты түрде жазасынан айырды.
Сот тәртіпсіздіктерге қатысушылардың шын жүректен өкінулерін және соттылығының болмауын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.
Тараз қаласының №2 соты жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін айыпталған сегіз сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының сайты.
Сот 2022 жылдың 04 қаңтарында сегіз адам Тараз қаласында күш, вандализм актісін қолданумен, қирату, бұзу, мүлiктi жоюмен, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбаумен ұласқан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан. Сотталушылар наразылық білдірушілер тобымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмылдырылған полиция мен әскери күштердің заңды талаптарына бағынбай, тәртіпсіздіктерге белсенді қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің денсаулығына және материалдық залал келтірген.
Сотталушылар не істеді
Прокурор сотталушыларға ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес, пробациялық бақылау белгілене отырып, шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот айыпталушылардың жасаған әрекеті ауыр қылмыстар санатына жатады және оны жасағаны үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушылардың шын жүректен өкінулерін, соттылықтарының болмауын таныды. Сотпен ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот түпкілікті пробациялық бақылау белгілене отырып, шартты түрде әрқайсысына 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.