Атырау облысы үйлер мен мектептердің шатырын жартылай ұшырып әкетті.
«14 қаңтар күнгі сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Атырау облысында шатыр ұшып кеткен 13 оқиға тіркелді, бес нысанда шатырдың құлау қаупі төніп тұр», — деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметі.
Осылайша, Мақат ауданында алаңы 328 шаршы метр мектеп-интернаттың спорт залының, алаңы 236 шаршы метр Сарғуанов атындағы орта мектептің акт залының, алаңы 600 шаршы метр бес қабатты тұрғын үйдің және алаңы 63 шаршы метр төрт қабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай бүлінді. Сондай-ақ, алаңы 892 шаршы метр Мақат локомотив пайдалану депосы ғимараттарының шатыры ұшып кетті.
Индер ауданында қатты желдің салдарынан алаңы 72 шаршы метр «Қазақтелеком» АҚ Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының шатыры жартылай ұшып кетті. Тұрғын үйдің ауласында алаңы 72 шаршы метр шаруашылық құрылыстың шатыры жартылай бүлінді.
Жылыой ауданында жалпы ауданы 196 шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үйдің шатыры толық бұзылды.
Атырау бойынша шатырдың құлау қаупі бар деген 5 шақыру келіп түсті.
ТЖ орындарында көптеген шақыруларға қарамастан, Атырау облысының құтқарушылары қауіп-қатерлерді дер кезінде және жедел жойып, бүлінген конструкцияларды нығайтуда. Барлық 18 оқиғада құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп атап өтті өңірдің ТЖД қызметі.
«Қазгидромет» агенттігінің мәліметінше, 15 қаңтар күні өңірде 15-18 м/с жылдамдықпен қатты жел соғады. Облыс аумағында желдің күшеюіне байланысты төтенше жағдайларды жоюға арналған жедел штаб құрылды.