Павлодарда зейнеткерден 33 келі марихуана тәркіленді

Зейнеткердің үйінен құрамында есірткі бар заттың ірі партиясы табылғаннан кейін ұсталды.

67 жастағы павлодарлықтан 33 келі марихуана тәркіленді.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері есірткіні өткізу және сақтау күдігі бойынша 67 жастағы қала тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды», — делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен 33 келіден астам марихуана және 3,3 келіден астам гашиш табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Павлодар облысының полиция департаменті, биыл есірткінің заңсыз айналымы саласында 59 қылмыс, оның ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізуге байланысты 47 факті анықталғанын атап өтті.

Добавить комментарий