Нұр-Сұлтан: екі жасар қыз тіс дәрігеріне барғаннан кейін ажал құшты

Нұр-Сұлтанда екі жасар науқастың тіс дәрігеріне баруы қайғылы жағдаймен аяқталды

Бала процедурадан кейін комаға түсіп, қайтыс болды.

Қаралы хабарды бүлдіршіннің анасы Анастасия Зеленая Instagram парақшасында хабарлады.

8 қаңтарда қыздың анасы Анастасия Зеленая Facebook-те екі жасар қызы Нұр-Сұлтандағы стоматологиялық клиникаға барып, тісін емдеткеннен кейін комаға түскенін айтқан еді.

Әйелдің жазуынша, 2019 жылдың 26 желтоқсанында ол 2,5 жастағы қызымен «Доктор Бро» клиникасына қан жегі түскен тісін емдету үшін барған. Баладан жалпы қан анализін алып, коагулограммадан өтті. Басқа ешқандай анализ бен сынамалар жасалмады.

Осыдан кейін стоматологиялық клиникаға тексеру жүгізіліп бірқатар бұзушылықтар анықталған.

Добавить комментарий