Елордалық полицейлер өрттен зардап шеккен құтқарушылар үшін қан тапсырды.
Еске салайық! Астананың көпқабатты үйінде болған өрттің салдарынан азаматтарды құтқару кезінде елордалық ТЖД-ның екі өрт сөндірушісі зардап шекті. Олар күйікпен қалалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге шұғыл түрде қан қажет болды.
«Тәртіп сақшылары әрқашан көмектесуге дайын және олар тапсырған қан адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеді», — делінген хабарламада.