Кондуктор жолаушыларды пышақпен қорқытты

Қарағандыда автобус кондукторы жолаушыларды суық қарумен қорқытып, өзін буындырған.

Осы оқиғаның куәгерлерінің бірі 15 қарашада болған жайттың мән-жайын айтты.

«Бұл жағдай Қарағандыдан Абайға қарай бара жатқанда болды. Кондуктор ерсі қылық көрсете бастағанда, автобус Ақтас маңында тоқтады. Сосын ол өзін тұншықтыруға тырысты. Оның эпилепсиялық талмасы басталды. Ол арқаны ұстап сыртқа шығып, далаға барып келіп, пышақ алып, автобус ішінде жүрді. Ол ешкімді жарақаттаған жоқ, барлық жолаушылар басқа автобусқа отырып, кетіп қалды», — деді куәгер.

Қарағандыдағы № 3 автопаркінің өкілдері болған оқиғадан кейін кондуктор маршруттан түсіргенін айтты.

Енді ол жұмыстан шығарылуы мүмкін.

Ауыр дертке шалдыққан ер адамның неліктен осындай ауыр қызметте жұмыс істегенін қазір автопарк басшылығы анықтап жатыр.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша арыз түспегенін хабарлады.

Добавить комментарий